Бес күн жалған – баянсыз дүние…

92
Тірі жүргенде өлмейтіндей ойлаймыз.
Адам баласы – ұмытшақ.
Тіршіліктің таусылмас тірлігіне алданып, өмірдің ақырлы екенін ескере бермейміз.
Әр күн мәңгілік секілді көрінеді. Біреуді қуып жету, біреуден озып түсу, дүние жинау – негізгі мақсатқа айналып кетеді.
“Ажал – ертең демейді, бүгін келеді”- деген қазақтың сөзі бар.
Бұл – өмірдің қысқалығын, өлшеулі уақыт екенін еске салады.
Өмірдің соншалықты қысқа екенін қу күйбең тірлікте ұмытамыз.
Асып-сасып, дүние жиюдың соңында жүріп, шын бақыттың – тыныштықта, татулықта, имандылықта екенін кеш түсінеміз.
Қазақ бекер айтпаған: «Өмір – қамшының сабындай қысқа».
Осы қысқа ғұмырда қиянат пен өкініш емес, мейірім мен ізгілік қалдырған жөн.
Біреуден асып түскіміз келеді.
Көптің көбі өмірді жарыс деп түсінеді.
Алайда шын бақ – бәсекеде емес, берекеде.
Халық даналығы: «Біреудің мұңы – біреуге күлкі».
Басқамен жарысқан адамның бағы ашылмайды.
Адам өзімен жарысса ғана кемелдікке жетеді.
“Әйтеуір алдамшы екеніне сенбейміз.”
Өмірдің алдамшы екенін түсіну үшін кейде басың тасқа тиюі керек.
Адам кейде бәрін өз бақылауында деп ойлайды, бірақ уақыттың құдіретін ешкім жеңе алмайды.
“Дүние – қолдың кірі”
Бүгін бар, ертең жоқ. Қадіріне жеткенге ғана құт болады.
Тіпті ойлап тұрсаң баяны да мәні жоқ боқ дүние дегенді бес күндік жалғанда ұмытамыз.
Боқ дүние дегенің қазақтың дүниеге деген философиялық көзқарасының көрінісі.
Дүние – дегенің өлгенде өзіңмен алып кетпейтін , артыңда қалатын зат.
Мақал: «Дүние – қолға ұстаған мұздай».
Ұстап тұра алмайсың, еріп кетеді.
“Не жисаң да, ештеңені ешқайда өзіңмен алып кетпейсің.”
Адам өлгенде ақ матаға оранып, аласұрып жинаған дүние-мүлкінсіз кетеді.
Қалатын – жақсы аты мен артында қалдырған аманаты.
Қазақ айтады: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді».
Бұл – ұрпаққа өнеге, елге үлгі боларлық іс қалдырудың маңызын білдіреді.
“Артыңда істеген жақсы ісің мен жақсы тәрбиелеген ұрпағың ізіңді жалғайды.”
Нағыз мұра – жақсы тәрбие, білім, имандылық, ар-намыс.
Абай атамыз “ Мал тапсаң, малға сыйын,
Білім тапсаң, қатынға!”-деген екен.
Ойлансаңыз осы сөзінің астарында арсыз тірлікке емеурінмен ескерту жатқаны түсінікті.
«Атадан жақсы ұл туса – елінің жазығы кетер,
Атадан жаман ұл туса – елінің азығы кетер» деген терең мәнді сөз бар.
“Тірі жүргенде сіз-біз деген сыйластық қана керек екен.”
Ақыр соңында, адамның бәріне ортақ бір ғана нәрсе қалады – адамдық.
Сыйластық – рухани тірек.
“Сыйластық болмай, тірлік болмас”
Байлық та, билік те өткінші, ал шынайы қарым-қатынас – мәңгілік.
Абай хакімнің сөзімен түйіндесек:
“Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…”
Міне, осы – өмірдің шынайы мағынасы.
Пенделік тірлікте көбіміз мәнсіз нәрсеге мән беріп, шын құндылықтарды ұмытып жатамыз. Өмір – мәңгі емес. Тек артта қалған ізіміз бен адамдардың жүрегінде қалған жылу ғана естелік болып қалады.
Сондықтан тірі жүргенде ізгілік жасап, сыйласып, таза өмір сүріп, ұрпаққа өнеге қалдыру – ең үлкен мұрат екенін ұмытпайық.
Меруеш Башайқызы….

Leave A Reply

Your email address will not be published.