ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

51
АУДАНДА КОНГО — ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Өңірдегі 12 елді мекен Конго — Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағына енгізілген. Биыл 1409 қора — жай мен 30 мың шаршы метр буферлік аймаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар үш кезеңнен тұрады, оның бірінші және екінші кезеңі толық аяқталған. Үшінші кезеңі 18 тамыздан басталды. Залалсыздандыру жұмыстары үшін қажетті дәрі — дәрмектер толықтай сатып алынған.
Сонымен қатар, Конго Қырым геморогиялық қызбасының эндемиялық аймағына енбеген 13 елді мекенде де кенеге және зиянды организмдерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 3 кезеңде қатар жүргізілуде.
Залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық елді мекендер аумағында механикалық тазалау жұмыстары атқарылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.