Шығыс Қазақстандағы орманда 3 адам жоғалып кеткен

73

Polisia.kz

https://turkystan.kz/article/266178-sygys-qazaqstandagy-ormanda-3-adam-zogalyp-ketken
Риддер қаласының маңындағы «Березовая грива» орман алқабында саңырауқұлақ теруге барған 3 адам жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, орманға саңырауқұлақ теруге барған 62 және 41 жастағы екі әйел мен 9 жастағы қыз бала белгіленген уақытта туыстарымен кездесетін жерге оралмаған.

Оқиға орнына бірден полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған іздестіру тобы жіберілді. Жұмысқа жаяу топтар, арнайы автокөлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде барлық азамат табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады. Әйелдер мен бала туыстарына тапсырылды.

Полиция азаматтарға орманға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолға шығар алдында бағытыңыз бен оралу уақытыңызды жақындарыңызға хабарлауды, көзге бірден түсетін ашық түсті киім киюді, толық қуатталған телефон, су және азық-түлік алу керек екенін ескертеді. Тек таныс жолмен жүріңіз, бейтаныс бағыттарға бармаңыз. Әсіресе балалармен жалғыз серуендеуден аулақ болыңыз.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266178-sygys-qazaqstandagy-ormanda-3-adam-zogalyp-ketken

Leave A Reply

Your email address will not be published.