Бірге даму жолында табысты болайық

116
Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен “БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН” Ұстаздардың республикалық тамыз конференциясына қатыстым.
Конференция барысында Мемлекет басшысы мен министрлік тарапынан білім сапасын арттыру, цифрлық трансформация, педагог мәртебесін көтеру, инклюзивті орта қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жаңа оқу жылына жүйелі дайындық бойынша маңызды тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі педагогтардың құқықтарын қорғау қажеттігін атап көрсетті.
Мұғалімдерді кәсіби емес міндеттерге жүктемеу;
Қоғам алдындағы мәртебесін нығайту;
Қауіпсіз және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру;
Бұл – ұстаздарымыздың өз қызметін алаңсыз, сапалы атқаруына жасалған нақты қадам деп есептейміз.
Педагогты қорғау – білімнің, болашақтың, қоғамның абыройын қорғау!
Бүгінгі басқосу – болашаққа бағдар жасап, нақты іс-қимыл жоспарын айқындайтын маңызды диалог алаңы болды.
Біздің міндет – осы бағыттарды жергілікті деңгейде тиімді іске асырып, білім беру ұйымдарымызда сапалы өзгерістерге жол ашу.
Барша әріптестерімді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік пен жемісті еңбек тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.