istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/265105-qytaida-qauipti-virus-tarap-zatyr
Қытайда «Чикунгунья» вирусын 2 800-ден астам адам жұқтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қытайдың Гуандун провинциясында «Чикунгунья» деп аталатын вирустың таралуы тіркеліп, 2800-ден астам адам індет жұқтырғаны анықталды. Маса арқылы тарайтын бұл вирус қызу көтерілуі, буындардың қатты ауруы және жүйке жүйесінің бұзылуы сияқты асқынуларға алып келуі мүмкін.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзянкунь жағдай бақылауда екенін айтып, шетелдік туристер үшін қауіп жоқ екенін жеткізді.
«Чикунгунья» вирусы негізінен Африка, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Мексика және Гватемала елдерінде таралған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл вирусқа қарсы арнайы ем әзірге жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265105-qytaida-qauipti-virus-tarap-zatyr