Алматыда 664 млн теңге заңсыз табыс тапқан топ тергеліп жатыр – ҚМА

62

ҚМА

https://turkystan.kz/article/265114-almatyda-664-mln-tenge-zansyz-tabys-tapqan-top-tergelip-zatyr-qma
Қаржылық мониторинг агенттігі құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу барысында жалған мәліметтерді қолданғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің мәліметінше, тергеу барысында 2021 жылдан 2024 жылға дейін қылмыстық схемаға қатысушылардың жалған компаниялар арқылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тендерлерде рейтингтерін көтеру мақсатында қолдан жасалған құжаттар мен жалған мәліметтерді пайдаланғаны анықталды.

«Мұндай қызмет үшін ұйымдастырушылар 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 млн теңгеден асып кеткен. Бұл қаражатқа 11 автокөлік пен 12 жылжымайтын мүлік (5 тұрғын үй мен 7 жер учаскесі) сатып алынған.

Тергеу болжамы бойынша, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бірқатар ұйымдармен жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық келісімшарттар жасалған.

Төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265114-almatyda-664-mln-tenge-zansyz-tabys-tapqan-top-tergelip-zatyr-qma

Leave A Reply

Your email address will not be published.