МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

72
Әскер – нағыз ер азаматтар мектебі. Ол жас ұрпақты тәртіпке, табандылыққа, батылдық пен отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Біз жастардың ел алдындағы парызын адал атқарып, содан кейін білім мен ғылымға бет бұруын жоғары бағалаймыз. Мұндай қадам – жас ұрпақтың саналы таңдау жасағанының айғағы.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елге оралған соң мемлекеттік білім грантын жеңіп алған жас жауынгерлер Нұркелді Жарылқасынов Нұркелді Есенұлы, Нұрмұқасан Қалдар және Асыланбек Ахаевты қабылдады.
Кездесу барысында Ерлан Дайрабайұлы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, жетістіктерге жетіп отырған жас азаматтармен мақтанатынын айтып, осындай үлгілі ұлдарды тәрбиелеген ата — аналарына алғыс білдірді. Мұнан соң аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек пен Жаңатас қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та ізгі тілектерін жолдап, жас азаматтардың алдағы оқуларына сәттілік тіледі.
Аталмыш азаматтардың ата — аналары өздерінің таңдап алған оқу орындарында білім алуына жағдай жасап отырған үкіметке, ұлдарының жетістіктерін ескеріп, қабылдап отырған аудан басшылығына ризашылықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.