Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жиын өтті.
Басқосуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының аға оқытушысы Анара Уалиева қатысты. Кездесу барысында жоғары оқу орнының қызметкері сотталғандарға «Нельсон Мандела ережелері» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сотталғандар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Айта кетейік, 1955 жылы БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және құқық бұзушыларға қатысты бірінші Конгресінде сотталушыларға қатысты минималды стандартты ережелер қабылданды. Кейінірек ХХ ғасырдағы ең танымал сотталушының құрметіне ережелер «Нельсон Мандела ережелері» деген атаумен танымал болды. Нельсон Мандела өзінің заңды қызметі үшін өмірінің 27 жылын қамауда өткізгені белгілі.
