«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысының жастары облыс тазалығына белсенді қатысуда

20

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда.

2025 жылғы 8 шілдеде облыс жастары Тараз қаласы Астана шағынауданы 26 тұрғын үй аумағына «Таза аула» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Табиғатты қорғау, ел аумағындағы елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облысымызда кең көлемде жүзеге асуда. Қаланың тыныс-тіршілігіне серпін беріп жүрген жастар қоршаған ортаның жай-күйіне бейжай қарамайтынын осылай дәлелдеп жүр. Олардың мақсаты – тек сенбілік өткізу емес, қоғамға, әсіресе жас буынға үлгі көрсету. Сондықтан, мұндай бастамаларға үлес қосу – мен үшін құр міндет емес, жүрек қалауы,» – деді белсенді жас М. Мырзатай.

Осындай бағыттағы і-шаралар облыстың барлық аудандарында да өткізілді.

Атап айтқанда, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылында және Талас ауданы Қаратау қаласында орталық саябақта «Таза Like» акциясы ұйымдастырылса, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында «Жаз Ата» саябағы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында жастар аллеясына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 259 өтінім  түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға қатысты болса, бірнеше өтінім көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 106 мың адам және 60 ірі кәсіпорындар мен 400 аса шағын кәсіпорындар қатысты.

Іс-шара аясында 30 тарихи-мәдени ескерткіштер, 79,2 мың тұрғын үй аулалары, 2,7 шақырым көше жолдары, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 641,1 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 6,1 мың  тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.