СПОРТ — АДАМНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

93
Бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасы аясында азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Бұқаралық спорт» түрлерінен аудандық жарыс өткізілді.
Спорттық шараға салауатты өмір салтын ұстанып жүрген пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Сайысқа қатысушылар спорттың ләңгі тебу, гір тасын көтеру, қол күрес, асық ату және кермеге тартылу(турник) бойынша сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.