Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

42
Бүгін «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға қала тұрғындарынан бөлек Байзақ, Жамбыл, Меркі және Талас аудандарынан 20-ға жуық тұрғындар өтінішін білдірді.
Облыс әкімінің орынбасары 2008 жылдан бері І топ мүгедегі ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғынына баспана кілтін табыстап, қуаныш сыйлады.
Сонымен қатар, тағы да басқа баспана кезегінде тұрған тұрғындарға кезек тәртібімен барлығына баспана табысталатынын түсіндіріп, қазіргі уақыттағы кезектілік номерлері анықталынып берілді.
Ал, қабылдауда көтерілген көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесін жөндеу, ауыз су және газ кіргізу, жол жөндеу сынды айтылған өтініштердің барлығы әкімдік назарында болатынын жеткізіп, қабылдау барысында тиісті құзырлы орган басшыларына тікелей тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.