Бүгінгі таңда, әйелдердің қоғамдағы рөліне басымдық беріліп келеді. Көшбасшылықты қалыптастыруда әйел теңдігі сақталуы тиіс.
Бүгін аудандық «Коворкинг» орталығында «Әйелдердің саяси мектебі» тақырыбында семинар бастау алды. Екі күндік семинарға Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова, Жамбыл облысы бойынша әйелдердің құқықтары жөніндегі уәкілі, облыстық әйелдер күші Альянсының төрағасы Айман Қайназарова, English Internetional компаниясының тренері Гүлжан Ибраимова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша Филиалының аға оқытушысы Тәттігүл Орынтай, «AMANAT» партиясы әйелдер қанаты жетекшісінің кеңесшісі Дамеш Үскумбаева және «AMANAT” партиясы Жамбыл облыстық филиалы
басшысының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова қатысып отыр.
Семинарда “Өмірлік миссияны анықтау”, «Отбасы — ұлттың тірегі», «Көшбасшылық — азаматтың келбеті», «Эмоцилық интеллекті дамыту», «Әйел және саясат», «Әйел көшбасшысының тұтас бейнесі», «Нәтижеге фокус. Құнды түпкілікті өнім — тиімді жұмыс істеудің негізгі аспектісі» тақырыптары кеңінен қозғалады.