Прокуратура даулы видеодағы адамдарды анықтайды – судья жеке қаулы шығарды

72

Кеше Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл жауап берді. Тыңдау аяқталғаны туралы хабарланғаннан кейін қатысушылар тарай бастағанда эфирде мынадай әңгіме естілді:

— Көзімнен жас шығып кете жаздады, дұрыс сөйледім бе?

— Олар саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, мен келісіп қойдым.

Бүгінгі сот отырысында судья кез-келген жорамал мен арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертті.

«Кеше әлеуметтік желіде соц процесінде белгісіз адамдардың екіұшты сипаттағы әңгімені қамтитын бейнежазба таратылды. Осыған орай сот жеке қаулы шағаруды қажет деп тапты. Прокурур бейнежазбаның шынайылығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың сөзінің мазмұнын анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Сонымен қатар іс бойынша шешімді тек сот қабылдайтынын еске саламын. Кез-келген жорамал мен арандатушылыққа жол берілмейді», — деді судья.

https://jasqazaq.kz/uajymdama-men-kelisip-khojdym-sot-dauly-dialogkha-khatysty-zhauap-zhauap-berdi-video/?fbclid=IwY2xjawKcBuhleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETFwMVJ2Tmh2V1FlWVlYR0tPAR7qYUS140iCm8JwmtfEBFOy22PMlmNeyQ8lQ-eVQL5wY1tXNhjCqdEp-nCZQA_aem_BeN5DLb1UUlcUsZrCefnPw

Leave A Reply

Your email address will not be published.