Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков Сарыкемер ауылының тұрғыны, тыл ардагері Ибраш Туребаевтың отбасына барып, айтулы мерекемен құттықтап, сый-сияпатын табыстады.![]()

Ардагерлерге құрмет көрсету — ортақ міндетіміз. Аға ұрпақтың ерлігі жатқан тарих. Сондықтан соғыс ардагерлерінің өмірі мен бейбіт күндегі еңбегі, тыл еңбеккерлерінің майданды азықтүлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етудегі елеулі еңбектері тарих бетіне алтын әріппен жазылды. Жас ұрпақ әрдайым соларға қарап бой түзеп, Отанын қорғауды, оны қалтқысыз сүюді үйренеді. Өмірдің ыстық-суығына төзіп, талай сыннан сүрінбей өткен ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне деген құрмет ешуақытта толастамайды,- дей келе Досжан Қанатбекұлы тыл ардагеріне мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, немере-шөберенің қызығын көруіне тілектестігін білдірді.
Тыл ардагері Ибраш ақсақал да басынан өткен қиындықтарды тілге тиек ете отырып, өзін құрметтеп келген сот төрағасына алғысын айтып, батасын берді.
Ел игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Күні кеше ғана аудан басшылығы өзін құрметтеп аталған мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға шақырғанына ризашылығын білдірді.
Байзақ ауданы