Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай, бүгін аудан әкімі С.Мамытов құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге еңбек және Тыл ардагерлерінің шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтады:
— Сіздердің еселі еңбектеріңіз ел есінен ұмытылмақ емес. Бейбіт күннің көгінде ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, — деген аудан басшысы Саудакент ауылының тұрғыны, Тыл ардагері Ермекбай Ақылбеков пен Өндіріс ауылының тұрғыны, ауднымыздағы ең қарт ана 103 жаста Өмірбаева Бибайша әжейге Ұлы Жеңісті жақындатуға сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсетіп, «ҰОС — на 80 жыл» мерекелік төсбелгіні тағып, арнайы сый — сыяпат жасады.