«Астана – Петропавл» рейсінің кестесі өзгереді

41
«Астана – Петропавл» рейсінің кестесі өзгереді
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/259167-astana-petropavl-reisinin-kestesi-ozgeredi

 11 мамырдан бастап Астана мен Петропавл арасындағы ұшақ кестесі өзгереді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Көлік вице-мұшақинистрі Талғат Ластаев Петропавл қаласына барып, әуежайдың жұмысын тексерді.

Әуежай басшылығы «Петропавл-Алматы» бағытын субсидиялау мерзімін одан әрі ұзарту, сондай-ақ келесі жылдан бастап «Петропавл-Ақтау» бағытын субсидиялау мәселесін көтерді. Бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірлесе пысықталмақ. «Астана-Петропавл» әуе рейсінің кестесі 2025 жылғы 11 мамырдан бастап өзгереді, — деп хабарлайды комитет.

Яғни, енді жұма және жексенбі күндері Астанадан Петропавл қаласына ұшатын уапқыт 15:30-ға, ал Петропавлдан елордаға ұшатын уақыт 17:00-ге ауысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.