Семейде итті ағашқа асып, азаптаған адам зейнеткер болған

45
Семейде итті ағашқа асып, азаптаған адам зейнеткер болған
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/259170-semeide-itti-agasqa-asyp-azaptagan-adam-zeinetker-bolgan

Семейде итті азғындықпен өлтірген адам табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, итті қорлаған өз иесі екен. Семейде итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануарды азаппен өлтірген. Жануардың өзін босатуға тырысқаны анық, себебі ағаштың қабығы қатты жұлынып қалған. Десе де ит аман қалмады. Өлексені өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Оқиға куәгерлері сұмдық жаңалықты желіде жариялады.

Полицейлер іздеу жұмыстарын бастап, 67 жастағы әйелді анықтады. Зейнеткер кінәсін мойындады, алайда мұндай қатыгездіктің себебін түсіндіргісі келмеді. Ал енді оны қалай жазалайтынын сот шешеді.

«Бұл қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған күдікті — жануардың 67 жастағы иесі. Ол тергеу барысында кінәсін мойындады. Қазір бұл іске қатысты бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жан-жақты тексеру қорытындысы бойынша облыс орталығы тұрғынының әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі», – деді Абай облыстық ІІБ Тергеу бөлімінің бастығы Талғат Еліков.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде Семейде адамдар итті шынжырмен ағашқа асып қойып, жануардың азаппен өлгеніне қарап тұрғаны туралы жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.