Екібастұзда адамдар жаппай уланған мейрамхана иесіне үкім шықты

22
istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/259186-ekibastuzda-adamdar-zappai-ulangan-meiramxana-iesine-ukim-syqty

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді. Олар Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.

Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды.

Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлғаға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасы кесілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.