https://turkystan.kz/article/259190-mysyqtyn-zasyn-qalai-esepteuge-bolady
Кейде мысық көріп қалсақ жасын есептей алмай жататынымыз жасырын емес. Осы себепті turkystan.kz сайты сіздерге мысықтың жасын анықтауға көмектесетін лайфхак әзірледі.
Мысықтың нақты жасын білу сізге дұрыс тамақ таңдауға, ауру белгілерін ерте анықтауға, мінез-құлқының не себепті өзгергенін түсінуге көмектеседі. Сонымен мысықтың тісіне, көзіне, мінез-құлқына қарап жасын қалай есептеуге болады?
Мамандар мысықтың бір жылы адам ғұмырының 15 жылына тең дейді.
Мысықтар алғашқы екі жылда жылдам өседі. Одан кейін баяу қартаяды.
Мысықтың нақты жасын анықтау үшін келесі жайларға назар аударыңыз:
Тістері: ақ әрі өткір – бір жасқа дейінгі мысық, сары дақтар болса – 1-2 жастағы мысық, қатты дақ болса немесе тісі жоқ болса – 10+ жастағы мысық.
Көздері: жарқын әрі таза – жас мысық, бұлыңғыр, ақ түскен болса – 12 жастан асқан мысық.
Жүні: жұмсақ әрі қалың болса – жас мысық, қатты әрі түсе бастаған болса – кәрі мысық.
Бұлшық еті: шымыр болса – жас мысық, арық әрі бос болса – кәрі мысық.
Мінез-құлқы: ойнаса – жас мысық, көп ұйықтаса, аз қозғалса – кәрі мысық.