Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «17» қазандағы № 199-Ж/Қ өкімімен Мәден Мұсаев Мойынқұм ауданының әкімі болып тағайындалды.
Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, 1989 жылы Алматы зоотехникалық Малдәрігерлік институтын «мал дәрігері» мамандығы, 1998 жылы Қырғыз мемлекеттік Ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Жаңа тұрмыс совхозының малдәрігері болып бастаған.
1990-1991 жылдары Путь Ленина колхозының бас малдәрігері, 1991 жылы Қордай аудандық малдәрігерлік стансасының бас малдәрігері, 1991-1992 жылдары «Ақ бұлақ» АҚ-ның аға малдәрігері, 1992-2003 жылдары «Сарыбұлақ» совхозының бас зоотехнигі, мал шарушалығы цехының бастығы, 2003-2004 жылдары «Бірлік үстем» өндірістік кооперативінің төрағасы, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Қордай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2004-2008 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Мойынқұм ауданының әкімі, 2010 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2010-2015 жылдары Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.