Семейде жүк көлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесін патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан, осы кезде жүк көлігімен соқтығысқан.
«Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», — деді полиция.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
https://massaget.kz/news/shugyil-shakyirtuga-bara-jatkan-semeyde-politsiya-kolg-kamaz-125224/?fbclid=IwY2xjawIXJA5leHRuA2FlbQIxMQABHRt2gYdBbZY3OD5BZd2Ymv2bJ6pI7K6SFNesWr81HYORm5EUL-HEWiiZRg_aem_tcgq2ZfH9yaSvUZCOXUmlw