Тараз қаласында облыстық драма театрының актерлары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеушілерге қойылым қойды.
Мәдени кеште Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қызметкерлері сотталғандардың назарына “Тыңдашы “ поэтикалық композициясын ұсынды.
Жырдан шашу шашқан театр қызметкерлерінің өнеріне тәрті болған жазасын өтеушілер өте жоғары әсер алғандарын жеткізді.