Дауыс беруге қатысуға шақырамыз

74
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Тараз қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру, бюджеттік процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жоба Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейту мен дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта «Халық қатысатын бюджет» жобасының құны облыстық маңызы бар қала үшін айлық есептік көрсеткіштің он бес мың еселенген мөлшерінен аспайтын, төмендегі көрсетілген критерийлерге сай келетін жобалық ұсыныстарын қала әкімінің https://www.gov.kz/ memleket/ entities/ zhambyl — taraz/ about?lang = ru электрондық ресми сайтына 2025 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызға дейін ұсына алады.
Ол үшін ұсынылатын жобалар төмендегі критерийлерге сәйкес болуы қажет, оның ішінде:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8)аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Аталған критерийлерге сай келетін жобалар қабылданып іріктелгеннен кейін, Тараз қаласы үшін жобаның өзектілігі мен маңыздылығын анықтау мақсатында, 2025 жылдың 5 — 24 сәуірі аралығында халық қатысатын бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/ entities/zhambyl-taraz/about?lang=ru сайтында тұрғындар тарапынан электрондық түрде дауысқа салынады.
Дауыс қорытындысымен ұсынылған материалдар Сараптамалық кеңеспен 5 жұмыс күннің ішінде зерделенеді және нәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарылып, жобалық ұсыныстар қоса тіркелген өтінімдер Тараз қаласы әкімдігінің тиісті кұрылымдық бөлімшелеріне іске асыру үшін жолданады.
Жобаны сапалы жүзеге асыру үшін өз идеяларыңызды іске асыруға белсенділік танытып, тиісті жобаларыңызды ұсынып, дауыс беруге қатысуға шақырамыз.
Барлық қосымша ақпараттар Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында және қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl — taraz/ about?lang=ru сайтында жарияланып отырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.