“Қатты сағындым“. Белгиялық Жәнібек жазба жариялады

86

Белгиялық Жәнібек қазақстандықтарды қатты сағынғанын жеткізіп, басынан өткен қызықты оқиғасын бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Құрметті достар! Мен сіздерді қатты сағындым! Сіздерге бір күшті оқиға айтып берейінші.

Коста-Рикаға саяхаттаған кезде көшесі де, көлігі де жоқ аралға бардым. Тортугеро деген кішкентай арал — теңіз тасбақаларының да мекені. Қайық тоқтаған сәтте көше кезген көп иттің ішінен бір қара күшік менің жаныма келді. Сол сәттен бастап, ол менің жанымнан шықпай, керемет күндерді бізбен бірге өткізді. Осылайша, біз күшікке мейірім сыйладық, қамқорлық көрсеттік, иә, бірнеше күн болса да, жақын тартып, мейірім сыйладық», — деп жазды ол.

Жәнібектің оқырмандары жаппай оның анасының тез табылып кетуін тіледі.

«Ит — қазақтың жеті қазынасының бірі. Сенің қазақ екеніңді сезген шығар», «Анаң табылуына бізде тілектеспіз», «Ит жаныңа босқа келген жоқ, бұйырса анаңнан бір жақсылық хабар келеді», — деп жазған желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарады. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Оның биологиялық анасы әлі табылған жоқ. Белгиялық әйел баланы асырап алу үшін қазақстандықтарға қомақты қаржы берген көрінеді.

Фото: instagram.com/muratsaveliev

А. Жапатова

https://massaget.kz/news/kattyi-sagyindyim-belgiyalyik-janbek-jazba-jariyaladyi-124617/?fbclid=IwY2xjawIHW71leHRuA2FlbQIxMQABHdLBjINLvKhfiCQOBZzOCYn0JheI9McWbKYS-Xud2pqREypsMkBIK4gObQ_aem_0TwSo1YM8o5V2G_T0a_Qxg

Leave A Reply

Your email address will not be published.