Жеке құрамның дайындығы тексерілді

86

Түзеу мекемесі жеке құрамының қызметі оңай емес. Қоғам қауіпсіздігін сақтау үшін еңбек ететін қызметкерлердің әрдайым сақадай сай болуы аса маңызды. Сондықтан аталған бағыттағы жұмыстар жоспарға сай өткізіліп тұрады.

Осындай мақсаттағы шараның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде өткізілді. Осыған орай мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаевтың бұйрығымен дабыл жарияланды. Онда қызметкерлердің сырт көріністері, нысанды киім мен шаш үлгісінің талапқа сай болуы қарап өтілді. Сондай-ақ сапқа тұру барысында олардың қызметтік куәліктеріндегі атағы мен лауазымының сәйкестігі қаралып шықты. Сонымен қатар қызметкерлердің дабыл сөмкелерінің толықтай жабдықталуына мән беріліп, жіті қадағаланды.

– Бүгінгі жеке құрамның төтенше жағдай кезіндегі дабыл сөмкелерін тексеру барысында олардың ережеге сәйкес дайын екені анықталды. Олардың сыртқы көріністері де белгіленген талаптарға сай болды. Дабыл белгісі бойынша жиналғандардың келуі жүз пайызды құрады. Жоспарға сай өткізілген мұндай дайындық жұмыстары жеке құрамның қызметіне деген жауапкершілігін арттырып, жауынгерлік намысын оятқаны анық, – деп баға берді мекеме бастығы Б. Ортаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.