2025 жылы қиямет сағатының тілі бір секундқа алға жылжыды

58

«Атом ғалымдарының бюллетені» жүргізетін қиямет сағатының тілі рекордтық қашықтыққа жақындады. Сағат сарапшылардың жаһандық қауіптердің тәуекелдерін қалай бағалайтынын көрсетеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы қиямет сағатының тілі бір секундқа алға жылжыды. Енді «ядролық түн ортасына» дейін 89 секунд қалды.

Мұндай бағалауды 1947 жылдан бастап «Атом ғалымдарының бюллетені» басылымы жүргізіп келеді (2015 жылдан бастап олар мұны жыл сайын жасайды). Сарапшылар ядролық тәуекелдер дәрежесіне, климаттың өзгеру динамикасына және озық технологиялар мен биоқауіпсіздіктің даму деңгейіне сүйенеді. Трансляция журналдың сайтында жүргізілді.

«Сағат тілдерін түн ортасына бір секундқа жақындату арқылы біз адамдарға сигнал жібереміз: әлем қазірдің өзінде құрдымға өте жақын, тіпті бір секундқа жылжу өте қауіпті белгі ретінде қабылдануы керек және бұл әрбір кідіріс жаһандық апат ықтималдығын арттыратыны туралы біржақты ескерту», — дейді сарапшылар.

Еске салайық, 2023 жылы сағаттың тілі бірден 10 секундқа алға жылжытылған еді, ал 2024 жылы сағаттың тілі орнында қалған болатын. Қиямет сағаты түн ортасына дейінгі уақытты көрсетеді – ғалымдардың пікірінше, бұл ядролық соғысқа дейін қалған уақытты білдіреді.

Алайда сағаттың мәнін «адамзатта қалған уақыт» деп тура қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл жобаның мақсаты адамзаттың алдында тұрған тәуекелдің қаншалықты қауіпті екенін айту ғана емес, адамдардың «қауіп туралы ескертуге» қаншалықты дайын екенін және қаншалықты жауап бере алатынын көрсетеді.

А. Жапатова

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/2025-jyilyi-kiyamet-sagatyinyin-tl-br-sekundka-alga-124554/?fbclid=IwY2xjawIGJ5RleHRuA2FlbQIxMQABHaSeEkNEvQ2fS9yFrLtK-O7lrLJplu3pQ5x5Bx0BXlOyZ7CLTgZ_ZURbpg_aem_uTOFeddUL_h-TpcBHETQIQ

Leave A Reply

Your email address will not be published.