Эпиошақ 66 шақырым тереңдікте орналасқан
Әзербайжанның Ұлттық ғылым академиясына қарасты республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы 25 қаңтарда Каспий теңізінде магнитудасы 3,1-ді құраған жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмикалық құбылыс Астана уақытымен 18:22-де болған.
Сейсмологиялық қызмет таратқан дерекке сәйкес, эпиошақ 66 шақырым тереңдікте орналасқан.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255032-kaspiide-zher-silkinisi-tirkeldi