Жолды 20 қаңтар күні таңғы сағат 6-да ашу жоспарланып отыр
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, 19 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары тасжолының 6-66 шақырымында және Ушановское ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды 20 қаңтар күні таңғы сағат 6-да ашу жоспарланып отыр. Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріндегі колл-орталықтан білуге болады.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/254750-shko-da-koshkin-kaupine-bailanysty-zhol-zhabyldy