«Дін және мәдениет»
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысы бойынша «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы
«Дін және мәдениет» тақырыбында форум мен оқыту семинары өтті. Қожа Ахмет Исауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор, дінтанушы — Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы дәріс оқып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жастар арасында жүргізді. Онда, мәдениет қабаттары, дін, ұлт және мемлекет қатынастарының ғылыми-теориялық негіздері дін және мемлекет туралы түсінік қалыптастырылды. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор екендігі ескертілді. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Сонымен дін — адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі. Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар жүргізу арқылы дін және діни нанымдардың тарихы туралы жалпы білімді жастар мен neet санатындағы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға арнады. Олар рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тақырыпты белсенділікпен тыңдау арқылы ой қорытты. Аталмыш шаралар қатысушылар мен ұйымдастырушыларға оң нәтижелі әсер қалдырды.