Қазақстанда көлігін 5 минуттан артық қыздырғаны үшін қанша айыппұл салынады

50

Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынбақ. Бұл нормаға 20 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамда енді резонанс тудырып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz

 

Астананың қысында бірде-бір көлік қыздырылмаған күйі қозғала алмайды. Себебі солтүстіктің ауа райы паркингте тұрған көлікті де қыздыртуды талап етеді.

Ал көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады. Айыппұл болса көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың куәгерлері мұны ІІМ-ге жеткізген жағдайда артылмақ. Олардың видео және фото түріндегі дәлелі де болуы керек.

Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Егер қыздыру бұл уақыттан асып кетсе кемінде 5 АЕК айыппұл салынбақ.

ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (2025 жылы — 19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Осыны бір жыл ішінде қайталанғандарға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Фото: istockphoto.com

https://www.paryz.kz/kazakhstan-news/45158-qazaqstanda-koligin-5-minuttan-artyq-qyzdyrgany-ushin-qansha-ayyppul-salynady?fbclid=IwY2xjawHwiBxleHRuA2FlbQIxMQABHSe8AjgFSxcpvsntZ_gdviROT0uhb_it7qGqCAUkBkVvz4pvPf-BHhkCcw_aem_WJQ_O53-uHQan9ZVyWndDA

Leave A Reply

Your email address will not be published.