Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдануға мүмкіндігіңіз бар!

59

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына басымдық берілген.

Осыған орай, Департаментпен халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процесстерін жетілдіру, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтірудің жолдары:

— бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы (жоспарлы және жоспардан тыс);

— жолданымдардың негізінде құзырлы органдарға сұрау салу арқылы;

— ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтерге қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы;

— «EgovKzBot» платформасына келіп түскен жолданымдарды зерделеу арқылы және т.б.

Өткен жылы Департаментпен 10 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді (бақылау жұмыстарын жүргізу арқылы — 4, сұрау салу арқылы — 3, қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы — 2, «EgovKzBot» платформасы арқылы — 1).

2024 жылы Агенттікпен қызмет алушылардың арыз-шағымдарына дер кезінде әрекет етіп тиісті шаралар қабылдау мақсатында «EgovKzBot» платформасы іске қосылған болатын.

Аталған платформаға Тараз қаласында орналасқан жеке медициналық орталықтың басшысы медициналық қызметке берілген лицензия қосымшасын алуға жолдаған өтініміне қызмет көрсетуші құзырлы орган тарапынан қызмет көрсетудің нәтижесі жеке кабинетіне жолданбағандығын көрсетіп, шағымданған.

Департаменттің ықпал етуінің нәтижесінде орын алған техникалық ақаулар жойылды және қызмет көрсетудің нәтижесі беріліп, азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған, мерзімдері сақталмаған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «А» мекенжайына немесе 8 (7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.

Руслан Шарипов

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.