Toyota көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.
Астанадағы көпірлердің бірінде жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы astana__sergek парақшасы жариялады.
Елордалық полиция департаменті мәліметінше, апат М-1 көпірінде болған.
Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады жол полициясы.