«Тежегіш істен шыққан»: Астана-Щучинск автожолында жантүршігерлік апат болды

79

Жол апаты Астана-Щучинск автожолы ақылы учаскесіндегі терминалда болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің бірі төлем терминалының алдында тоқтаған. Ал екінші жүк көлігі тежеу жүйесінің істен шығуына байланысты жылдамдықты баяулата алмаған. Салдарынан екі жүк көлігі соқтығысқан.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге шлагбаумдар мен төлем терминалдарының алдында сақ болуды және жылдамдықты төмендету қажеттілігін ескертеді. Әсіресе, салыстырмалы тұрғыда әлдеқайда ұзақ тежеу жолын қажет ететін ауыр көлікті басқарсаңыз, ерекше мұқият болыңыз.

Сонымен қатар, ауа-райының қыстағы ерекшелігін ескеру қажет. Өйткені суық, көктайғақ және қар автомобильге түсетін жүктемені және жүйелердің істен шығу қаупін арттырады.

Жол қауіпсіздігі – бұл әр жүргізушінің жауапкершілігі. Естеріңізге сала кетейік, уақтылы техникалық тексеру және жол ережелерін қатаң сақтау өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін Сіз әрқашан 1403 нөмірі  бойынша тәуілк бойы жұмыс жасайтын байланыс орталығына хабарласа аласыз.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.