Жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі

35

Әдеп жөніндегі уәкіл болып қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші табылады.

Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде бірқатар функцияларды атқарады.

Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерімен ағымдағы жылы 480 азамат түрлі мәселелермен жеке қабылданды, оның ішінде 324-і (67,5%) жергілікті жерге шығу арқылы.

Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманың сақталуы бойынша 800-ден астам түсіндірме шаралары (дәрістер, семинарлар, бейнесюжеттер, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, мақалалар және т.б.) өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің ұсыныстары негізінде өз қызметін адал әрі нәтижелі атқарғаны үшін 237 қызметшіге көтермелеу шаралары қолданылса, 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарының нәтижелері Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 15 рет қаралып (о.і. ЖАО – 10, ОМО АД – 5), олардың қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 84 (ЖАО – 66, ОМО АД – 18) ұсыным берілді.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру және оларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Департаментпен 14 іс-шара өткізілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

Р.Шарипов

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.