Әлеуметтік жоба аясында бостандыққа шықты

76

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде өткен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында 3 азамат мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу.

Кездесуге Мансап орталығы Тараз қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы М. Әмреев және аталған орталықтың маманы Н.Алдоңғаров қатысты.

Шара қатысушылары қоғамға қайта бейімделу процесінің тиімділігі көптеген жайттарға байланысты екенін атап өтті. Соның ішінде, әсіресе, сотталғандарды бостандыққа шығуға дайындаудың, темір тордан шыққаннан кейін оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы зор екендігі айтылды.

«Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Пробация қызметінде есепке тұрған және түзету орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда жазасын өтеу орындарынан босап шыққандарды әлеуметтік оңалту, қоғамға қайта бейімдеудегі басты мақсат — осы топтардың арасында қылмыстың екінші мәрте қайталануын азайту. Сотталғандарды бейімдеу – қылмыстық атқару жүйесі органдарының ғана емес, барша қоғамның міндеті болуы керек. Бұл жауапты істе барлық өкілетті органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы ғана оң нәтиже бере алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.