Қазақстанда әрбір бесінші азамат елден көшуді ойлайды – сауалнама

48

Қоғам пікірін зерттейтін DEMOSCOPE экспрес-мониториң бюросы Қазақстандағы көші-қон көңіл-күйіне талдау жүргізіп, жұрт ішінде сауалнама жүргізген. Соның нәтижесінде әрбір бесінші респондент елден көшу мәселесін қарастыратынын айтқан.

Сауалнама 2024 жылдың 13-24 қарашасы аралығында өткізілген. Жауап деректері бойынша, сұралғандардың 21% Қазақстаннан кеткісі келеді, оның 6,9% мұны алдағы 2-3 жылда жасауды жоспарлап отыр. Негізгі себептер – жалақының төмендігі, бұлыңғыр келешек және жақсы білім алуға немесе жұмыс істеуге деген ұмтылыс.

Көші-қон көңіл-күйі әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында айқын көрінеді. 18-29 жас аралығындағы топтың 25%-ы және 30 жастағы адамдардың 30% бұл қадамды қарастырады.

– Респонденттердің басым көпшілігі (83,7%) Қазақстанда туғаннан бастап тұрады, тағы 9,3% елде 20 жылдан астам өмір сүреді. Сауалнамаға қатысқандардың тек 6,8% Қазақстанда 20 жылдан аз өмір сүреді, — деп нақтылады зерттеушілер.

Респонденттердің пікірінше, эмиграция үшін ең тартымды елдер – АҚШ (7,7%), Ресей (6,2%), Еуропа елдері (5,1%), Түркия (4,6%) және Канада (2,6%).

Респонденттер көші қонның келесі себептерін былай атап көрсеткен:

  • Өзін-өзі дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар (13,2%)
  • Сапалы білім алу (11,7%)
  • Жоғары сапалы медициналық қызметтерді алу (4,9%)
  • Кәсіби өсу мүмкіндігі (4,4%)
  • Неғұрлым қолайлы экология және климат (3,8%)
  • Саяхат (3,3%)
  • Қауіпсіз орын (3%)
  • Туыстарына көшу (2,6%)
  • Байланыс шеңберін кеңейту (1,3%)
  • Бизнесті дамыту (0,7%)
  • Тарихи отанға оралу (0,6%).

Осыған қарамастан, Қазақстанда көші-қонның оң сальдосын байқалып отыр: 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында елге 20 мыңнан астам адам көшіп келген. Алайда респонденттердің көпшілігінің пікірінше (39,2%) білікті мамандардың кетуі алдағы 3-5 жылда артады.

– Сыртқы көші-қон үрдістерін болжау мәселесінде респонденттердің көпшілігі (39,2%) таяудағы 3-5 жылда Қазақстаннан білікті мамандардың кету жағдайлары ұлғаяды деп есептейді, — деп толықтырды сарапшылар.

ХАЛЫҚ САНЫ

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы ақпарат таратқан еді. Бюро мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құраған. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі – 179,2 мың адам.

Ulysmedia коллажы

 Сырым Қаржас

https://qaz.ulysmedia.kz/news/23382-kazakstanda-rbir-besinshi-azamat-elden-koshudi-oilaidy-saualnama/

Leave A Reply

Your email address will not be published.