ЖАҢАША СЕРПІН

46
Бүгінгі облыстық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс- қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмыс істеуіне жаңаша серпін беретінін атап өткен жөн шығар.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Серік Сәлемовтың кіріспе сөзімен және жүргізуімен өткен отырыста облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Әзімбай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев және Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Мейрхан Төлеулиев есеп берді, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Талқылау, пікір алмасуға кеңес мүшелері Исламбек Дастан, Айнур Заурбекова, Назима Жұбандыкова, Дәурен Бағжанов, Анар Бексұлтанова, Айгерім Даулетбаева т. б. қатысып пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, Анар Бексұлтанова 2025 жылға арналған іс- шаралар жоспарына Мемлекет басшысының қазан айында Мәскеуде ТМД басшылары кеңесінде ұсынған- халықаралық алғашқы “Достастық жәрмеңкесін” Қазақстанның ең көне қалаларының бірі — Таразда ұйымдастыруға дайынбыз” деген ұсынысы аясына байланысты әлеуметтік жобаны ескеруді ұсынды. Өзім келесі жылға жоспарланған әлеуметтік тапсырыстар байқауын жаңа жылдың басында- бірінші тоқсанда өткізуді ұсындым.
Сол сияқты биыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған “Бестерек” әлеуметтік жобасының қортындысын келесі жылдың ақпан айындағы кеңес отырысында тыңдау ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.