Тараз қаласының әкімі азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады

40
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, заңсыз құрылыс нысандарының жұмысына тосқауыл қою, су құбырын ауыстыру, мемлекеттік қайтарымсыз грант мәселесі жөнінде сауалдар қойды. Сонымен қатар тұрғындар медициналық мекемелердің жұмысына қатысты да бірқатар мәселе көтерді.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
 Жалпы Тараз қаласының әкімі бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде аптасына 1 рет жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтарымен қабылдайды.
Қала әкімі 2024 жылдың 10 айында 47 жеке қабылдау өткізіп, жалпы 556 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.
Олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.