Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты

66

Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, соның салдарынан келіншек көз жұмған.

Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан. Келіншек алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тауып, ер адам ауруханаға жеткізілді.

«Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Фото: Halyq Uni

Leave A Reply

Your email address will not be published.