Jambyl ТВ» телеарнасы облыс телевизиясының қарашаңырағы.
Бүгін облыстық телеарнаға 35 жыл толды.
Осы жылдар ішінде «Jambyl ТВ» телеарнасы өз аудиториясы қалыптасқан ірі медиақұрылымға айналды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов телеарнаға арнайы барып, аудан әкімінің атынан мерейтоймен құттықтады.
Тағылымға толы танымдық бағдарламалармен өңір жұртшылығының жүрегіне жол тауып, өткір ой, батыл пікір, тың бастамалар көтеріп келе жатқан телеарна ұжымына алдағы уақытта да ел мүддесі үшін қызмет ете беруіне тілектестігін білдірді.