Қонаев қаласында азаматтық іс қаралған сот отырысында процеске қатысушы азамат судьяға тіл тигізген.
Заңсыз салынған құрылыс нысандары сүріліп, жауапкер жер телімін босатуы керек болған.
«Көшпелі сот отырысы кезінде жауапкер төрағалық етіп отырған судьяға «жемқорсың, талапкердің мүддесін қорғадың» деп айыптаған. Жауапкер судьяның бірнеше мәрте жасаған ескертуін құлаққа ілмеген. Дауыс көтеріп, сот отырысына кедергі келтірген», — делінген хабарламада.
Судьяға құрметсіздік көрсету фактісі видеожазба арқылы расталды. Жауапкер өзінің кінәсін мойындап, жазаламауды сұраған. Алайда сот оны бес тәулікке қамау жазасына кесті.
сурет:https://turkystan.kz/article/251297-sot-otyrysynda-sudiaga-zhemkorsyn-dep-til-tigizgen-azamat-kamaldy