МЕРЕЙЛІ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ

55
«AMANAT» партиясы аудандық филиалында 25 қазан – Республика күні қарсаңында партия төрағасы Манарбек Көшкімбаев партия ардагерлері мен «Мансап» орталығының ұжымын қабылдады.
Жиында ауданның Құрметті азаматы Әбдікерім Тойшыбеков, мерейлі 60 жасқа толған «Мансап» орталығының директоры Бақыткүл Қалымбетова, Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің ұстазы Гүлмира Сатаеваларға партия аудандық филиалы атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Марапат иесі Бақыткүл Алдасүгірқызы өзінің мерейлі 60 жасқа толуына орай көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдіріп, партиялық жобаларды іске асыруға алдағы уақытта да белсенді атсалысатынын жеткізді. Партия ардагері Әбдікерім Тойшыбеков, Гүлмира Сатаевалар құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің еңбек жолы жайлы айтып, жастарды ел үшін ерінбей еңбек етуге шақырды.
Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,
«Мойынқұм таңы».

Leave A Reply

Your email address will not be published.