Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде

713

Таразда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен жиын өтуде.

Басқосуда Жолдаудан туындайтын міндеттер жайында баяндама жасаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов оларды орындау мақсатында облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Аймақ басшысының айтуы бойынша, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың саны аз. Олардың санын көбейту үшін осы жылы жүзеге асатын 4 жоба өңірдің арнайы картасына енді. Бұдан бөлек, құны 8 млрд.теңгені құрайтын 7 инвестициялық бастама қолдау тапқан.

– Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті тұр. Жыл басынан 1,8 мың тонна ет экспортқа шығарылды, – деді облыс әкімі сөзінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.