«Ауруханада жан тапсырды». Абай облысында имам 11 жасар қызды қағып кеткен

44
Бұл жайды облыстың бас имамы растады

Ауыл мешітінің имамы Абай облысының Үржар кентінде оқушыны автокөлікпен қағып кетті. Қыз ауруханада қайтыс болды.

Orda.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, Абай облысының ПД баспасөз қызметі қайғылы оқиға 14 қазан күні сағат 11:40 шамасында болғанын растаған. 44 жастағы имам Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде Toyota RAV4 көлігімен келе жатқанда жолды кесіпөтпек болған 11 жасар қызды қағып кеткен. Зардап шеккен оқушы Үржар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аймақ полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Оқиғаның егжей-тегжейлі мәліметі тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Алайда Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов  көлікті ауыл мешітінің имамы жүргізгенін растады.

 «Ауыл имамы мен куәгерлердің сөзінше, көлік сағатына 40 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен келе жатқан. Айтуларынша, қыз үйлердің бірінің ауласына байланған иттің үргенінен қорқып, жолға шыққан. Жүргізуші көлікті тоқтата алмаған. Оқиғадан кейін ол жәбірленушіні дереу ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай, қыз ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ата-аналар мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», — деді Асқар Мұқанов.

Оның айтуынша, имам Үржар ауылдық мешітінде он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

 фото — ашық дереккөзден

Jambylinfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.