Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында аудандағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың жай-күйі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзекті мәселелері тыңдалып, талқыланды.
Ернар Есіркепов округ әкімдеріне қоқыс полигондарын ретке келтіруді және Президент бастамасымен іске асып жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясын жандандыруды, бұл бағытта негізгі басымдық аудан орталығы Құлан ауылына берілгенмен, шалғайдағы елдімекендерде де жандандыру қажеттігін жеткізді.