Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы – маңызды.
Жаңа Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі айтулы шара ел болашағына әсер ететін маңызды шешім, барша азамат өз таңдауын жасауы маңызды қадам.
Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің қария болсам да ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін. Сайлауға әр азаматтың баруы міндетті деп есептеймін.
Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін.
Сөз соңында барша қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамын.
Жанат Жұмаділдаев,
Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы