ҰЛЫММЕН БІРГЕ ДАУЫС БЕРУГЕ БАРДЫМ

95
АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІМ
Бүгін елімізде атом электр станцияларын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде.
Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылды. Дауыс беруге арналған бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылады. Оған «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар беріледі.
Осы кезде Еліміз референдум арқылы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқалы отыр. Сол себепті, бүгін барша тұрғындар дауыс беруге белсене қатысуда.
Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.
Бүгін елімізде Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум басталды. Мен де аталған референдумда ұлым Ерсұлтанмен бірге өз таңдауымды жасадым.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.