Даңқты дала шопаны

53

Гүлмарал Үшкемпірқызы Қамбар, 
гуманитарлық ғылымдар магистрі
«Ежелгі Тараз ескерткіштері»
мемлекеттік тарихи-мәдени
музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері
[Тараз қ., Қазақстан]

Мал өсірсең қой өсір,
өнімі оның көл көсір.
Халық мақалы

Түйіндеме. Қазақ қашанда төрт түлікті береке мен байлықтың бастауы санаған. Елімізде бүкіл ғұмырын мал өсіруге арнап, еліне мол пайдасын тигізген тұлғалар көп. Ата-баба жолын жалғап, ісін кәсіпке айналдыра білген өз уақытында Қазақстанға ғана емес, тіпті одақ елдеріне танымал болған тұлғалардың бірі Жазылбек Қуанышбаев. Оның еңбек жолы мен жеткен жетістігінен бөлек, кісілік қасиеті, жеке өмірі де өнегелі екені шүбәсіз.
Кілт сөздер: отар, елтірі, Мойынқұм, шопан.

Адал еңбегімен мал шаршауылығының тарихында өшпес із қалдырған, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев 1986 жылы 29 наурызда Жамбыл облысындағы Көктерек ауданында туған. Бала кезінен мал бағып, сол ісі үлкейгенде кәсіп болып, еңбегін еселеп ақтаған. Арнайы білімі болмаса да осы салада үлкен жетістіктерге жетіп, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған (1 сурет).

1 сурет

1930 жылы совхоздар құрылған кезде отар алып қой баққан. Ауданға Орта Азиядан қаракөл қойларын алып келген. Ол қойларды жергілікті қойлармен будандастырып мал тұқымын асылдандыруды бастаған. Ең алғаш қаракөл қойларын өсірумен шұғылданған да өзі. Қойды өсіріп, асылдандырып, өнімділігін арттыру жолында аянбай еңбек етті. Еңбегі өз жемісін берер тұста соғыс басталып кеткен. Сонымен селекциялық жұмысы уақытша тоқтап қалды. Ер-азаматтар соғысқа кетіп жатқанда, Жазылбек Қуанышбаевты екінші фрондқа қалдырған. Сол мезеттен бастап бар күшін ет пен жүн өңдеп өткізуге жұмсаған.
Ұлы Отан соғысынан кейін селекциялық жұмысын қайтадан жалғастырып, жаңа қой тобын, елтірі беретін қаракөл қойын көбейткен. Ол қойды төлдету және елтірісінің сапасын жақсарту бойынша жыл сайынғы көрсеткіш жоғары нәтежиелер берген. Қой бағу да үлкен өнер. Жылдың төрт мезгілін бағдарлау да оңай емес. Күн демей, түн демей оны бағып, семіртіп, көбейтудің арқасында 1947 жылы әр 100 саулықтан 130 қозы алған. Осы ерлігі үшін 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері деген атақ алған.
Жазылбек Қуанышбаевтың отарында өндірілген қаракөл елтірілері Дели, Бухарест, Нью-Йорк, Пзнань қалаларында өткен халықаралық аукциондарда өте жоғары бағаланған. Сапа мен санға жұмыс істеген атамыз 1957 жылы әр 100 қойдан 145 қозы алып республикада да рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Әр қойдан 3,5 келідей жүн қырққан. Осылайша 1958 жылы екінші мәрте алтын жұлдыз орденімен марапатталған. Бүкіл ғұмырын мал өсіруге арнаған ақсақал Маңғаз жатқан маң дала Мойынқұмның мерейін тасытты.
Ал Жазылбек Қуанышбаевтың жеке өміріне қысқаша тоқталатын болсақ, өзі сабырлы көп сөйлемейтін тұйық, сөздерін кесіп айта білген жан екен. Атаның зейнетке шыққан кезінде көзін көрген жандар оның халықтың қамын ойлайтын, мал шаруашылығын қалай дамыту жайында ақыл-кеңесін беріп, жастарға өнегелі, өсиетті әңгіме айтып отыратын дейтін. Ол кісі бәйбішесінен бала сүйе алмапты. 70 жасқа келгенде жарының рұқсатымен екінші рет үйленіп егіз балалы болған. Ұлдарының есімін Қойшыбай мен Тойшыбай қойыпты. Әлімхан ана үлкен ұлын бәйбіше Жайшыбаланың бауырына салып, енді сіздің балаңыз деген екен. 80 жылдары үкімет атамыздың еңбегін елеп, орталықтан үлкен үй салып берген. Бір шаңырақта тұрған екі ананың татулығы ел сүйсінердей болған деседі көз көргендер.
Ауыл-аймақтағы оқимын деген баланың барлығының, бетін қақпай белін буып Дінмұхамед Қонаевтың өзіне хабарласып оқуға да түсірген. 1976 жылы Дінмұхаммед Қонаев Жазылбек Қуанышбаевты 80 жасқа толуымен құттықтау хат жазған. Сондай-ақ оның есімі ән-жырға қосылып шырқалған. «Жазылбекшілер маршы», «Ер Жазекем», «Хантау вальсы», «Мойынқұм малшыларының маршы» тәрізді әндер ел арасына кең таралған. Сондай-ақ Жазылбек атаның жастарға ой тастап жазған «Ұрпаққа ұлағат» атты кітапшасы бар. Ол еңбегін оқи отырып оның табиғатпен сырласқандығы, еңбекқорлығы, қайтпас-қайсарлығы және ең алдымен ойлы еңбек адамы болғандығы байқалады.
Қазіргі таңда Жазылбек Қуанышбаевтың құрметіне орай туған жеріне ескерткіш қойылған. Мүсін қоладан құйылған, биіктігі 1,2 м. Гранитті тұғырға орнықты портреттік бейнеде қойылған. Жоғары беткі жағына шойыннан құйылып жапсырылған тақтада қазақ және орыс тілдерінде шопанның аты-жөні жеткен жетістіктері жайлы жазылған.
Ата кәсіпті ғылыммен ұштастыра білген Жазылбек Қуанышбаев республикамызда қаракөл қой шаруашылығын өркендетуге, оның өнімділігін арттыруға мол үлес қосқан адам. Қарапайым шопандықтан, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Қатарынан екі рет ҚазақКСР жоғары советінің депутаты болып сайланды. Тіпті 80 жасқа келгенде де ауыл шаруашылық министрлігінің қаракөл қой шаруашылығы жөніндегі қоғамдық негіздегі инспектор міндетін де атқарған. Шопандық кәсіптің қыры мен сырын толықтай меңгергендіктен, бүкіл шопандардың ұстазы болып тарихта қалған тұлға!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жамбыл облысы тарих және мәдениет Ескерткіштерінің жинағы. Мойынқұм ауданы. Тараз 2015–2016. 65 б.
2. Қуанышбаев, Жазылбек. Ұрпаққа ұлағат. Слово к сыновьям / Ж. Қуанышбаев. – Алматы : Қайнар, 1985. – 112 б.

Резюме. Казахи всегда считали священностью четырех видов домащнего скота источником процветания и богатства. В нашей стране немало людей, которые всю свою жизнь посвятили животноводству и принесли большую пользу своей родине. Одним из известных лиц не только Казахстана, но и стран союза является Жазылбек Куанышбаев.

Resume. Kazakhs have always considered the sacredness of four types of livestock a source of prosperity and wealth. There are many people in our country who have devoted their whole lives to animal husbandry and have brought great benefits to their homeland. One of the famous faces not only of Kazakhstan, but also of the countries of the Union is Zhazylbek Kuanyshbayev.

Leave A Reply

Your email address will not be published.