ҚАЖ қызметкерлері сенбілікке шықты

130

Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты.
Мекеме қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ішкі санитарлық жағдайды арттырумен қатар, сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Сонымен қатар әктеу, сырлау секілді жұмыстармен айналысып, сыпыру, мекеме аумағын қоқыстан тазарту сынды бірлескен жұмыстарды атқарды.

— Сенбілік – тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. Біз үнемі ұжым болып сенбілікке атсалысып келеміз, — дейді мекеменің бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.