Жамбылдықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдауда

553

Жамбылдықтар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдауда. Бұл мақсатта Тараз қаласы мен аудан орталықтарында арнайы жиындар өтуде.

Мәселен, облыс орталығындағы «Баласағұн» орталық концерт залына бас қосқан облыстың зиялы қауым өкілдері мен атқамінерлері Елбасының кезекті Жолдауын тыңдауда. Аталмыш жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысуда.

Сонымен қатар, Ы. Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде бас қосқан қала  активі мен қоғам белсенділері де Мемлекет басшысының стратегиялық құжатты жариялауын тікелей эфирде тамашалауда.

zhambylnews.kz

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.